23.01.2023, 18:00
Оқылды: 27

Аурухана қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы аурухананың қазіргі жағдайы, мамандармен, құрал-жабдықтармен қамтылуы, науқастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар мен түйткілді мәселелер жөнінде сөз қозғады.

12

Өз кезегінде  аурухана қызметкері Қалуаш Жусупова аурухана айналасындағы көшелерге асфальт керектігін айтса, Лаура Бекмамбетова жедел жәрдем көлігі қажеттілігін жеткізді. Сонымен қатар  Әсем Теміржанова ауданда дәрігерлік қызмет атқарып жүрген дәрігерлерге қайта біліктілігін арттыру үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлінсе дегенді айтты.

14

Кездесу соңында көтерілген мәселелерге тұшымды жауап берілді.

Л.Қайратқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале