15.12.2023, 17:30
Оқылды: 73

Аурухана ұжымы биыл ауқымды істерді жүзеге асырды

Биыл Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы №2 аудандық ауруханада ілкімді істер қолға алынып, жергілікті пациенттер ешқайда бармай-ақ, өз ауылында емделуге қол жеткізді. Бұл көптен бері ел көкейінде жүрген үлкен мәселе болатын.

IMG-20231215-WA0029

- 2023 жылдың екінші тоқсанында ауруханамыз аккредитациядан өтіп ІІ санат берілген еді. Қазіргі таңда орталық ауруханада абаттандыру бойынша күрделі жөндеу жүргізілсе, Қараөзен ауылында ФАП ғимараты жаңадан салынды. Жуық арада оның ашылу салтанаты өткізілмек.

IMG-20231215-WA0027

Сондай-ақ Қайшақұдық, Қособа, Саралжын елді мекендерінде медпункт салу, Талдықұдықта ФАП-ты күрделі жөндеуден өткізу, Көктеректе дәрігерлік амбулатория салу алдағы жылдардың еншісінде жоспарда тұр. Осы жылы төрт санитарлық автокөлікке портал бойынша өтініш берілді. Қазіргі таңда жеткізілуін күтіп отырмыз. Оның сыртында физиотерапия және оңалту кабинеті бір кабинеттен бес кабинетке орны кеңейтіліп, барлық кабинет толықтай жабдықталды. 2023 жылы жұмысқа екі хирург, бір жалпы терапевт дәрігер, бір фармацевт, бір эпидемиолог, бір психиатр-нарколог, бір дәрігер лаборант мамандар жұмысқа қабылданды. Аталмыш жыл ішінде №2 Казталов аудандық ауруханасында науқастарға әр түрлі жай және күрделі диагноздармен бірнеше ота жасалды. Олардың ішінде өттегі тас аурулары, жедел калькулезды холецистит, жедел аппендицит, винкельман әдісі бойынша кистаны тігу, шап жарығы, сан жарығы, кіндік жарығы, аналық безінің апоплексиясы, кистаны ашу, тігу және кесіліп тесілген ішек, бауыр жарақаттарына өзіміздің ауруханадағы хирургтар ота жасап, пациентерімізді қатарға қосты. Тағы бір айта кететін қуанышты жаңалық, ауруханада жаңадан туған нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөлімшесіне 20 миллион қаражат жұмсалып, бөлімше толықтай жабдықталды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсановтың қолдауымен аурухана хирургтарына эндоскопиялық қондырғы аппараты табысталады. Енді алдағы уақытта ауруханада кесусіз оталар жасалады.

IMG-20231215-WA0023

Оның сыртында біздің ұжым кеше ғана ауылдағы мекеме-ұйымдар арасында өткен «Дүлдүлді дуэль» атты өнер додасында бірінші орын алып, жүлдеден түскен 100 000 теңге ақшалай қаражатты қайырымдылық қорына беруге шешім қабылдады, - дейді ұжымы үшін мақтаныш сезімін жасыра алмаған аурухана директоры Надежда Владимирқызы.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале