22.07.2021, 11:33
Оқылды: 106

Ауыл әкімдерін сайлау - саяси шешім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2021 жылдың 5 қаңтарындағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауыл және кент әкімдерін сайлауын өткізу жөнінде ұсыныс тастады.

Ол мақала: «Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Мұны ел іргесін шайқалтпай, береке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асыруымыз керек. Бірақ реформаны соза беруге де болмайды. Билік халықтың алдындағы өз жауапкершілігін сезінгені жөн. Сол себепті біз ауыл және кент әкімдерін сайлауға көшеміз. Осы арқылы ең төменгі деңгейден бастап жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтамыз. Бұл қадам өзекті мәселелерді тұрғындар мен жергілікті биліктің бірлесіп шешуі үшін қажет. Содан кейін аудан әкімдерін сайлаймыз. Жаңа жүйе өзінің тиімділігін көрсетсе, бұдан да жоғары деңгейдегі әкімдерді сайлайтын боламыз», - деді.

Бұл ел тарихындағы саяси шешім.  Биыл 25 шілдеде елімізде ауыл әкімдерін сайлау науқаны өтеді. Сайлау талаптарына сәйкес үміткерлер өзін-өзі ұсына алады және белгілі бір партияның атынан ұсынылады. Казталов ауданында Казталов, Көктерек, Бостандық, Жаңажол ауылдық округтерінің әкімі лауазымына сайлау өтпек. Екінші шілде күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті.

Онлайн өткен конференцияға «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиев төрағалық етіп, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, Саяси Кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ерболат Бекмулдин

Конференция күн тәртібіне Казталов ауданы бойынша Казталов ауылдық округі әкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясы атынан кандидат ұсыну жөнінде мәселе ұсынылып, қаралды. Аталған мәселе бойынша Казталов ауылдық округінің әкімдігіне өтініш берген 2 кандидаттың өтініші конференция жұмысында қаралды. Конференцияға қатысушы делегаттардың басым дауысымен в аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ернар Ғалымовтың кандидатурасы партия атынан Казталов ауылдық округінің әкімі сайлауына ұсынылды.

«Nur Otan» партиясы еліміздің дамуында жетекші партия ретінде елеулі үлес қосып келеді. Халық сеніміне ие партия екенімізге биыл ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауындағы жеңісіміз дәлел бола алады. Бұл маңызды саяси науқанда да аудан орталығының тұрғындары сайлауға келіп өз таңдауын жасайды деп сенемін!

Ерболат Бекмулдин

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

 төрағасының бірінші орынбасары

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале