16.08.2023, 0:25
Оқылды: 18

Ауыл әкімі есеп берді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 ақпанындағы №190 «Орталық атқару органдары басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесуі өткізіліп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп беруі белгіленген болатын.

photo1692114390 (4)

Осыған байланысты ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесуі Жаңақала ауылдық округінде жалғасын тапты. Аталмыш жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудан әкімінің орынбасарлары Ақнұрлы Еслямғалиева, Ерлан Қажиев, Жаңақала ауылдық округі әкімі Ақан Қапанов, мекеме-бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Алдымен ауылдық округ әкімі А.Болатұлы тоқсан бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып баяндама жасады. Одан әрі алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Жиын барысында көкейінде жүрген ауылға қатысты мәселелерді ортаға салғандар да болды.

photo1692114390 (5)

Оқас Салауатұлы ауыл тұрғындарының ірі қара малдарын өріске айдамай ауыл ішіне жіберіп қоятындарына наразылығын білдіре отырып, қазақ радиосының уақтылы қосылмайтынын тілге тиек етті. Бекболат Әубекеров Құрманғазы көшесіне көше жарығы қажеттігін, трансформатордың жиі істен шығатынын, Жаңақала-Жаңақазан бағытындағы салынып жатқан жолдың әзірге салынбайтын жерлерін жол салушылар бұзып кететінін айтып, тек салатын жерлерін ғана бұзып, қалған жеріне тиіспесе - деген ұсынысын білдірді. Айтуған Шарафутдин Соркөлге суды түсіру үшін жолдарды аршып, аласа жерлерді құрғақ тұрған кезінде көтеріп бітеп, кәсіпкерлерге жалға беріп үлкен демалыс орнын ашып, кәсіп көзіне айналдырса, Көпжасардан келе жатқан бағыттағы жолдарға бірнеше бағытқа бөлсеңіздер, үйлерінің артына күл-қоқыс тастаған адамдарды тәртіпке шақырсаңыздар - деген ұсыныстар айтты. Закария Сисенғали техникалық судың пластик құбырлары жердің үстінде жатқандығын, көліктер басып өткенде сындырып кететінін айтып, болашақта жоба жасақтап ауылдың батыс беткейіндегі үйлерге техникалық су жеткізіп берсеңіздер, Халықтар досығы мен Астана көшесінің қиылысындағы су мұнарасының техникалық жарамдылығын тексеріп, техникалық суды су мұнарасына дейін жеткізіп, батыс беткейдегі үйлерге техникалық суды жеткізіп берсеңіздер - деген ұсыныс білдіріп, зиратты қоршауға ауыл тұрғындары тарапынан қаражат жеткілікті түрде түспей тұрғандығын айтып, қаралы үйге қарасы мен үшіне бөлек бармай, қарасы мен үші бір екенін ескеріп жетісіне ғана бару қажеттігін тілге тиек етті. Дариға Залелова Айтқұлов көшесінде көлік көп жүретінін, автомобиль тізгіндеуші жастар өзара жарысып, жасөспірімдер мотоциклмен жарысатынын, ірі қара мал түнгі уақытта көпқабатты үйлердің жанын кезіп жүретінін, «Тәуелсіздік» саябағының сахнасының ақталмағанын айтып, саябақ ішінде өсіп тұрған теректерге су бармайтынына наразылығын білдірді. Құрманғазы көшесіндегі қоқыс контейнерлерінің қасына бейнебақылау қою керектігін жеткізді. Рабиға Ишекенова зиратты қоршауға беретін қаражатқа келгенде ауыл тұрғындары ұйымшылдық, белсенділік танытпайтынына наразылығын білдіріп, тек 692 300 теңге жиналғанын айтты. Сондай-ақ тұрғындар ірі қара малдарын зираттың айналасына мотоциклмен айдап әкеліп тастайтынын жеткізді. Исатай Сәрсенов тұрғындардың ауыл тазалығына немқұрайлы қарайтынын, ірі қара малдарын ауыл ішіне жіберіп қоя беретіндерін, айыппұлдан жалтару мақсатында сиыр малының сырғасын алып тастайтындарын айтты. Аудан басшысы мен ауыл әкімі өз кезегінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, айтылған ұсыныстармен жұмыстанатындарын жеткізді.

photo1692114390 (3)

Жиын соңында айтылған мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

photo1692114390 (1)

photo1692114255

photo1692114390
photo1692114390 (2)

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале