24.12.2023, 12:17
Оқылды: 12

Ауыл әкімі жанұясымен дауыс берді

- Саяси додалардың қатарына жататын ауыл әкімін сайлауға жергілікті тұрғындардың жұмыла қатысып, белсенділік танытқаны абзал ғой, әрине. Дода болғасын тұрғындар сеніміндегі үміткердің жеңіске жеткенін қалаймыз. Мен де бүгінгі күнге дейінгі ауыл әкімі емес, осы ауылдың жергілікті тұрғыны ретінде ауыл әкімінің сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасап келдім.

IMG-20231224-WA0008

Өзімнің бұл саяси додаға түспегенімді ескертіп қояйын. Әкімдік қызметке ел сенімінің үрдісінен шыққан, нағыз іскер үміткер сайланады деп есептеймін. Қазір ауыл тұрғындарының саяси қөзқарасы мүлдем өзгерген. Белсенділіктері көңіл қуантады. Сайлауда жеңіске жеткен үміткердің – тұрғындармен бірлесе атқарар алдағы тынымсыз еңбегіне тек табыс тілеймін, - дейді​ дауыс беруге жанұясымен бірге келген осы ауылдың әкімі Ақжол Казиуллин.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале