14.06.2024, 14:45
Оқылды: 131

«Ауыл аманаты» бағдарламасы: Жәнібек ауданында қалай жүзеге асып жатыр?

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің зор әлеуетін толық пайдаланбай отырғанымызды айтты. Осы салада нақты серпіліс жасау қажеттігін, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретін, жергілікті өнім үлесі жоғары өндіріс кешенін құру іргелі міндет екенін жеткізген болатын. Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдаудың маңыздылығына тоқталған. Сонымен қатар ол:

«Осы орайда «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек», - деп атап көрсеткен болатын.

283A1AC5-5EED-4169-B963-16A07CEF81AD

Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кететінін, осы себепті салада маңызды реформа жасайтын кез келгенін ескерткен.

Ауданда «Ауыл аманаты» жобасының шапағаты мен игілігін көріп отырғандар аз емес. Дейтұрғанмен түсінік жұмыстары әлі де жүргізіліп келеді. Осы орайда Тау ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасын түсіндіру, іске асыру барысын талқылау бойынша жиын өтті.

Жиналысты аудан әкімі Тимур Шиниязов ашып жүргізіп отырды. Басқосуға облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, Батыс Қазақстан обылсының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Зұлқашев, «Aqjaiyq» ӘКК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ержан Досмақов, бағдарлама бойынша несие алғандар, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтердің төрағалары және бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер, ауданның мекеме және бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында сөз алған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев бағдарлама аясында ауданның ахуалына тоқталды.

2BCC2781-8655-4295-A3A5-CF42984B5711

– 2024 жылға «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде ауданға қажетті қаражат көлемін нақтылау үшін ауданға қарасты 9 ауылдық округке 2023 жылдың желтоқсан айында скрининг жүргізілді. Жүргізілген скриниг нәтижесінде 9 ауылдық округ бойынша жобаға 69 тұрғын қатысуға ниет білдірді. Соның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 3, мал шаруашылығына 41, сүтті ірі қара малын өсіру бойынша 12, бордақылау 15, қой шаруашылығы бойынша 14, құс шаруашылығына 7, шағын бизнес бойынша 17, ауыл шаруашылық өндірістік кооператив ашу бойынша 3 жоба іске асуда. 69 жобаның құны 472,36 млн теңгені құрап отыр. Аталған 69 жобаның күні бүгінге 42-сі бағалаудан өтіп, қорытындыларын алды. Бүгінгі таңда «Ауыл аманаты» жобасы аясында 3 ауыл шаруашылық кооперативі құрылып тұр. Яғни «ОлжаАлемАгро» АШӨК-іне 54,5 млн теңге қаражат бөлініп, қазіргі уақытта ауыл шаруашылық құрылымдарына техникалық сервис қызметін және өзінің пайдаланып отырған 500 гектар суармалы жеріне 30 гектар амарант дақылы мен 30 гектар жеріне суданка шөбін егу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар кооператив «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 29 млн теңге несие алуды жоспарлап отыр. Сол сияқты Күйгенкөл ауылдық округіндегі «Ауыл аманаты» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі суармалы егістік жеріне шөп өнімін өңдіру технологиясына көшу арқылы мал азығын дайындау, сонымен қатар 150 шаршы метр жер көлеміне жылыжай құрылысын салу, бордақылау алаңы, сүт жинау пункті құрылыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Сол арқылы ауданды арзан сүт, бақша және ет өнімімен қамтамасыз етуді көздеген.

Сондай-ақ «Ар-Нұр Агро 2024» кооперативі «Aqjaiq» әлуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынанан 29 млн теңге қаражат бөлінген жағдайда суармалы жерге 50 гектар люцерна, 40 гектар суданка шөбі мен 10 гектар бау-бақша егуді жоспарлап отыр, - деді Н.Зұлпықарұлы.

D85D7C2D-307F-4710-B59E-DB79CD43BB09

Жиын барысында Алдияр Сансызбайұлы ауылдарда бағдарламаны дамытудың маңыздылығы мен өзге өңірлерде ашылған шағын кәсіпкерліктерді мысал ретінде айтса, Рүстем Мүлкайұлы ауыл шаруашылық кооперативтері және олардың бағдарламадағы басымдықтары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар Ержан Досмақов биыл бағдарламаның жүзеге асырылу барысы мен ережелерін атап өтті.

Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Мәселен, Тау ауылының тұрғыны Батыр Дауф жылыжайға субсидия беріледі ме десе, Мерлан Еслямов жүн және тері өңдеу цехтарын дамыту бойынша сұрақ қойды. Бауыржан Сабанов ауылшаруашылық құрылымдарына жеңілдіктер жасау, субсидиялар қарастыру жөнінде ұсынысын жеткізді.

Жиыннан кейін облыстан келген басшы-қосшылар Б.Дауфтың жылыжайын көріп, Б.Сабанов пен Б.Даумовтың суармалы егістігінің жұмысымен танысты.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале