2.11.2023, 21:02
Оқылды: 31

«Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен жиын

Бүгін Рухани орталық ғимаратының акт залында ауыл тұрғындарының табысын арттырып, әлеуметтік жағдайларын көтеру мақсатында жүзеге асырылатын «Ауыл аманаты» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі А.Халеловтың төрағалығымен жиын өтті.

34cee3e4-9157-4385-8d4c-d0462d61ef1a

Кеңеске БҚО ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Наурызбай Қарағойшин, «AQJAIYQ» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары  Ержан Досмақов, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен аталмыш жоба негізінде кәсіп бастауға ниетті аудан тұрғындары қатысты. Жиында сөз алған Ержан Нұржанұлы мен Наурызбай Қадырбайұлы «Ауыл аманаты» жобасының ережесін кеңінен түсіндіріп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына мардымды жауап берді.

8c5100bc-626f-4359-8914-d3475b488148

Биылғы жылы "Ауыл аманаты" жобасы бойынша Жаңақала ауданынан 46 адам өтінім беріп, оның 2-еуі бас тартып, қалған 44 адамның 10-ы бұқа бордақылаумен, 13-і ұсақ мал өсірумен, 18-і ірі қара мал асырап, 1-еуі жылыжай салып, 1-еуі жартылай өңделген өнімдер дайындаумен айналысса, енді 1 адам балалар ойын алаңын ашу мақсатында несие алған.

2a4063ee-93df-41e2-bea8-a9f9e8d65aab

Айзада Ақбасова, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале