19.05.2023, 20:40
Оқылды: 55

"Ауыл аманаты жобасы" талқыланды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша халықпен кездесті. Жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, мекеме басшылары және аталған жобаға қызығушылық танытқан тұрғындар қатысты.

жаңақ1

Жоба бойынша ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы  баяндама жасады.

- «Жаңақала ауданында «Ауыл аманаты» пилоттық бағдарламасы бойынша өтініш тапсырғандар саны-71. Оның ішінде 68-і кепіл бағалаудан өтті. Жобаға байланысты сұратылған несие соммасы 446,8 млн.» – деп түсіндіріп өтті бөлім басшысы Светлана Бекқалиева.

Аудан әкімі А.Жаңабайұлы да сөз кезегінде:

жаңақала

- «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы жүзеге асып жатқанына биыл бірінші жыл. Алдағы жылдары да бұл бағдарлама жалғасын табатын болады. Жоба бойынша несие алған алғашқы азаматтардың нәтижелері көріне бастаған кезде, одан сайын қызығушылық туады деген ойдамын. Сонымен қатар, алдағы маусым айында ауылымыздың кәсіпкерлері өңдеу өнеркәсібі бағытында үлкен көлемде өтетін көрмеге барады. Егер одан мол тәжірибе жинаса, кәсіпкерлер арасына кеңінен таратып, жұмыстанатын боламыз»,-деді.

Облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов халықтың әл ауқатын арттыру мақсатындағы жобаны аудан көлемінде іске асыру үшін біраз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ «Шопан Ата» қауымдастығының төрағасы Талғат Байкенов, аудандық «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері Руслан Оразалиев, Алихан Досмұхамбетов, Мәстексай ауылдық округінің әкімі Ержан Нағымов, «Aqjaiyq ӘКК» АҚ өкілі Алмас Бокиров, Бірлік ауылдық округ әкім аппаратының бас маманы Амангелді Жақсыбаев көкейде жүрген өзекті жекелеген мәселелерін және бәрімізге ортақ биылғы жылғы су келу мәселесін де сөз етіп, сауал жолдады.

БҚО ветеренария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетов, «Қазсушар» РМК БҚО филиалының басшысы Рауан Хусаинов, БҚО жер қатынастары басқарма басшысының міндетін атқарушы Жұматай Ашықпаев, «Aqjaiyq ӘКК» АҚ стратегиялық және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Алмат Казиханов та тұрғындар арасынан жолданған сауалдарға жауап берді.

Нұргүл Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале