23.05.2024, 17:45
Оқылды: 3

«Ауыл аманаты» жобасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

 

Шыңғырлау ауданында аудан кәсіпкерлері, ауылдық округтер әкімдері мен жеке кәсіпкерлер қатысқан жиын өтті.

441710215_1872253429853083_965824313743741468_n

Жиынға аудан басшысы Мұрат Өмірәлиев, облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, «Aqjaiyq» АҚ ӘКК-ның басқарма төрағасының орынбасары Қазбек Ұзықанов және «Aqjaiyq» АҚ ӘКК-ның баспасөз хатшысы Ляззат Садирова қатысты.

Жиналыста былтыр алғашқы жұмысын бастаған «Ауыл аманаты» жобасының биылғы өзгерістері, жалпы жобаның тиімділігі мен ауылшаруашылық кооперативтерін құрудың артықшылықтары, сондай- ақ алдағы жоспарлар бағдарлама аясында тағы қандай мүмкіндіктер беретіні туралы айтылды.

444480410_1872253419853084_9122743060117081922_n

Аудан бойынша былтыр 75 адам  489 миллион теңге көлемінде несие алды. Бұл несие 2,5 пайызбен  «Aqjaiyq» АҚ Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы арқылы беріліп және бұл несиелердің басым бөлігі сүтті тұқымды ірі қара малын алуға жұмсалған болатын.

444976069_1872253439853082_4945781574417788079_n

Бүгінде несие алған тұрғындар жоба талабы бойынша аналық сүтті тұқымды мал басын әкеп, бағып жатыр. Аудан кәсіпкерлері, несие алғандар мен несие алуға талаптанып жүрген тұрғындар жоба бағытында және кооперативтер құру бағытында сұрақтар қойып, нақты жауап алды.

 

Қаршыға Елемесов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

441487237_1872253379853088_6166528250594242924_n

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале