7.02.2024, 17:00
Оқылды: 25

«Ауыл аманатына» қатысуға ниетті көп

 

Бәйтерек ауданы Құрманғазы ауылдық округінде 35 кәсіпорын тіркелген. Олардың 1-еуі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 10-ы шаруа қожалығы, 23 - жеке кәсіпкер, 1-еуі ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі.

IMG-20240207-WA0045

Мал басы сәйкестендіруден өтіп, ауыл шаруашылық жануарларының сәйкестендіру электронды базасына енгізілді. «Горбачев» шаруа қожалығы қымыз өндірісін әрі қарай жандандыруда. Жылқы саны 169-қа жетті. Бір жыл ішінде 44 тонна қымыз өндірілді. Жалпы округ бойынша 1946 гектарға бидай егіліп, жалпы жиын-терім 1410 тоннаны құраған. Ата кәсіпті өрістетіп, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін ауыл тұрғыны Ерген Қасымов мемлекеттен қолдау алған. 2023 жылы Құрманғазы ауылдық округі бойынша 1769 центнер ет, 9116 центнер сүт, 55 000 дана жұмыртқа өндірілді. Бұл туралы Құрманғазы ауылында өткен есептік кездесуінде айтылды.

IMG-20240207-WA0044

Былтыр 7 кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасымен мал өсіру мақсатында 2,5 пайыздық несие алып, 43 тауарлық мал сатып алған. Күні бүгін 17 асыл тұқымды бас алу жоспарланып отыр. Кәсіпкерлер – 50 650 000 теңге көлемінде мемлекеттік несиеге қол жеткізген. Төрт түлікті түлетуге жастар жағы да ынталы. Мәселен, Жақсылық Хабдрешов ірі мал ұстау үшін мемлекеттік бағдарлама аясында төмендетілген пайызбен несие алған.

IMG-20240207-WA0046

Халықтың сұранысына сай жолаушылар тасымалдау ісі де жанданған. Әр аптаның бейсенбісінен басқа күндері «Сұлукөл - Орал» бағыты бойынша ГАЗель көлігі жолаушыларды тасымалдайды. Өткен жылдың желтоқсан айында аудандық ТҮКШжАЖ бөлімінің тапсырысымен Құрманғазы ауылындағы жол бойына аялдама салынды. Сондай-ақ былтыр Құрманғазы ауылында - 2, Аманатта - 1 транформатор ауыстырылған.

Тұрғындар тарапынан түскен сауалдар негізінен «Ауыл аманаты» жобасымен несие алып, кәсіп көкжиегін кеңейтуге қатысты болды. Округ әкімі Әдемі Жұманиязованың айтуынша, тұрғындар арасында аталған жобаны әлі де кеңірек насихаттау, ауылды абаттандыру, көгаландыру және санитарлық тазалық ісін қолға алу, орталықтандырылған сумен жабдықтау, апаттық бағаналарды ауыстыру, Құрманғазыға балалар алаңын, Аманатта аялдама орнату жұмысы биылға жоспарланған.

 

Гүлжаз Қалесқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале