7.12.2023, 16:30
Оқылды: 29

«Ауыл аманатының» көшпелі отырысы өтті

Теректіде «Ауыл аманаты» жобасы аясында облыстық көшпелі отырыс өтті. Басқосудың басты мақсаты - ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін бағдарлама жайын түсіндіру.

image-07-12-23-10-11-1

Жиынды жүргізген аудан әкімі  Әлия Мұханбетжанова жұмыс тобымен таныстырды.

Пилоттық бағдарлама жөнінде ақпарат беруге келген топтың құрамында БҚО әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ержан Досмақов бар.

Одан бөлек жиынға аудан әкімінің орынбасары Дамир Ғұмаров, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мирхат Ибраев, ауылдық округ әкімдері қатысты.

image-07-12-23-10-11

Жүздесу барысында бағдарлама бойынша түсінік берген Алдияр Сансызбайұлы:

— Пилоттық жоба өзінің тиімділігін дәлелдеді. Ол жұмыспен қамту, табыс табудың жаңа мүмкіндіктерін берумен қатар өңірлік деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерінің де шешімін тапты. Бұл жоба бойынша ауылшаруашылық өндірістері бірігіп жұмыстануы қажет. Бірақ, әзірге олай болмай тұр. Әркім өзі кооператив құрғысы келеді. Оларға жерді қайдан тауып бересіздер? Қазір шағын теліммен  басталған кәсіп міндетті түрде үлкеюі керек, - деді.

Өңір басшысы кеңесшісінің сөзін  округ әкімдері де қолдап отыр.

Жобаның жемісін көріп отырған Долин ауылдық округі тұрғындары мал, құс шаруашылықтарымен айналысады. Теректі ауылында көлік жөндеуге арналған құрылғы алған механик бар.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ержан Досмақов:

- «Ауыл аманаты» бағдарламасын мемлекет ауыл тұрғындарына тиімді етіп шығарған.  Тұрғындар жылжымайтын мүлікті кепілге қоя отырып, төмен пайызбен несие ала алады. Жоба облыс көлемінде биыл іске асып жатыр. Сондықтан кәсіп бастауға және дамытуға ниетті жандарға жоба жайлы толық түсіндіру керек, - деді.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале