27.11.2019, 19:55
Оқылды: 108

«Ауыл әуендері» кешін өткізді

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» жобасы аясында Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде «Ауыл әуендері» халықтық фольклорлық ансамблі кеш өткізді.

qaratobe (2)

Ең алғаш 1983 жылы Қоскөл мәдениет үйі жанынан құрылған фольклорлық ансамбльге Есенгелді Молдағалиев пен Жанболат Есенгелдиев жетекшілік етіп жүріп, 1987-1988 жылдары халықтық атағын қорғады.

2009 жылы аудандық мәдени-демалыс орталығы жанынан «Ауыл әуендері» фольклорлық ансамблі құрылып, жылма жыл шығармашылық кештерін беріп келеді.

qaratobe (3)

Осы уақытқа дейін көптеген байқауларға қатысып, лауреат атанып жұртшылыққа өнерлерімен танылып келеді.

«Өнер өшпес мұра» атты концерттік бағдарламада халық күйі «Жайма қоңырмен» басталды.. «Ауыл әуендері» фольклорлық ансамбльнің сүйемелдеуімен С.Байтеміров «Елге сапар», Д.Абдрахманова «Жылқы ішінде ала жүр», Т.Қуаншалиева «Әдемі едік», Н.Исламғалиев «Туған жерім Аққозым», «Ақбақай» тобының орындауындағы халық әні «Бір бала» әнін шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Кеш барысында күй тартылып, термешілер шеруі де, мың бұралған бишілер де өнерлерін көрсетті.

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале