31.05.2022, 12:15
Оқылды: 83

Ауыл азаматтарының қолдауы

Биыл Шыңғырлау ауданы Қызылкөл ауылының құрылғанына тура 61 жыл толды. Көбіміздің көкейімізде жүргені ауыл кіреберісіндегі “Қызылкөл” белгісі еді. Жолдың бойына орналасқан шағын белгі азғантай ғана түтіні қалған ауылды қараусыз жатқандай қылып көрсететін еді.

WhatsApp Image 2022-05-31 at 07.58.05

Бірнеше жылдан бері әңгіме арасында айтылып келе жатқан мәселені өткен жылы ауыл ағаларына құлаққағыс еткенбіз. Ауыл тұсына заманауи белгі қою туралы ұсынысты қолдай кеткен Қанат аға қар ерісімен қаржы жинауды бастап кетті. Одан кейін бірнеше үлгілерді (эскиз) ұсынып, ең жақсы дегенін таңдап Сәкен мен Манас ағалар темірден нақышына келтіріп тұрып әдемі бір дүниені жасап шығарды. Сол белгіні жуырда ауылдың азаматтары бірігіп орнатып қойды. Бұл да ауылымыздың ауызбіршілігін, татулығын көрсеткен, жұмыла атқарылған іс болды.

Маңдайшаның кіреберіс жағында “Қызылкөл, Қош келдіңіздер” деген жазу жазылса, ауылдан шыға берісіне “Сәт сапар” деген тілек жазылыпты. Маңдайшаның ортасына тұлпар бекітіліп, шеткі тұсына ортағасырлық стильде күн энергиясынан қуат алатын шам орналастырылған. Үстіңгі бөлігіне елдігімізді айқындайтын Көк байрағымыз орнатылыпты.

Ауылымыздың көркеюіне үлес қосып, жұдырықтай жұмылып, жанашырлық танытқан Арықбаев Қанат, Айтжанов Сәкен, Хаиров Манас сынды ауыл азаматтарына, басқа да аттары аталмаған аға-бауырларға да ризашылығымз шексіз.

Мұхаммед-Әли Серікұлы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале