8.05.2025, 23:30
Оқылды: 106

Ауыл азаматына құрмет көрсетті

Күн көкжиектен баяу көтерілген таңмен бірге ауыл іші де бір серпіліп, ерекше бір мерейлі күннің лебін сезінгендей болды. Өйткені бүгін ел құрмет тұтқан азаматы, ауылдың ақылманына айналған Абат Құрмантайұлына ағайын жұрт алғыс айтып, абыройлы құрмет көрсететін күн еді.

image-08-05-25-10-28-1
Абат — ауылдың бар жұмысына бел шешіп кіріскен, тасын түртіп, тірлігін түгендеп жүрген, ел-жұртының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған азамат. Оған деген құрмет те бекер емес. Жасынан еңбекпен есейіп, сөзімен де, ісімен де ауылға тірек болған тұлға.
Салтанатты сәтте ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, ел-жұрт қошеметтеп, Абаттың иығына шапан жапты. Сәні мен салтанаты жарасқан тұлпарға отырғызылып, елдің ықыласы мен алғысына бөленді.
Бұл — жай ғана рәсім емес, елдің ерге деген құрметі, халықтың өз азаматын қадірлеуі. Осындай өнегелі іс кейінгі ұрпаққа да үлгі, ауыл рухының биіктігін көрсететін дара жол.
Абаттың жүзінен тебіреніс те, ризашылық та қатар көрінді. Ол үшін бұл – атақ емес, аманат. Ауылдың сенімі мен алғысының салмағын сезініп тұрғандай.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале