30.06.2022, 9:00
Оқылды: 44

Ауыл балаларын қуанышқа бөледі

Казталов ауданының әр ауылы мен елді мекенінде жүрегі мейірімді жандар аз емес. Бірі туған ауылының көркеюіне үлес қосса, енді бірі балалардың ризашылығына бөленуде.

InShot_20220630_081056139Бұл үрдіс аудан орталығында дәстүрге айналып, ауыл азаматтарының бастамасымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Ел ағаларының ізін ауданымызға аты жақсы таныс, әдебиет пен тарих жанашыры, Казталов мектеп-лицейінің мұғалімі Абзал Есенғазиев те жалғады.

InShot_20220630_081125538
Абзал Есенғазиев өмірлік жарымен бірге Балалар жылы және 30 жас мерейтойына орай Қабиболла Жақып көшесіндегі түлектердің бастамасымен бой көтерген тынымбақта балаларға арналған шағын мерекелік кеш ұйымдастырып, сыйлықтар үлестірді.
- Мерейлі 30 жасымызда көптен күткен ісімізді қолға алып, Қабиболла Жақып көшесі бойында орналасқан саябақта «Балаларға базарлық» атты шарамызды ұйымдастырдық. Адал жарыммен бірге 30 балаға кітап пен сурет салуға арналған альбом сыйға тарттық. Сондай-ақ тәттілер үйлестіріп, балалардың қуанышын көруге ниет қылдық. Қазақта «Берсең, балаға бер» деген тәмсіл бары анық. Өзіміздің қуанышымызда балаларға да қуаныш сыйлайық деген ойымыз еді. Шара барысында балалар бір суретті толықтырып, тұтас сурет салып шықты. Осы арқылы да балалар арасындағы татулықты нығайтуға ниеттендік. Қайырымды ісімізге қолдау жасаған жақындарым мен ата-аналарға зор алғыс, - дейді ағамыз.
Азаматтарымыздың игі бастамалары жалғасын тауып, балаларымыздың мерейі үстем болғай.

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале