25.04.2022, 16:45
Оқылды: 89

Ауыл кәсіпкерлерінің игі бастамасы

Өңірімізде «Менің аулам – менің бағым» жобасы жүріп жатқаны белгілі. Осы орайда туған өлкемізді жасылдандыру мақсатында ағаш отырғызу, гүл егу жұмыстары жер жерде жүріп жатыр. Бұл жобадан Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің кәсіпкерлері де тыс қалмай, ауылдағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алаңына тал-терек егу жұмыстарын бастап кетті. Алма, өрік ағаштарымен қатар раушан гүлдерін өз қаражаттары есебінен сатып алып, оны алаңға ұйымшылдықпен отырғызды. 

756b44cc-4320-4877-9f43-368aeeaaaf04

«Өзім осы ауылда туып-өстім. Сондақтан ауылымның көркі, оның болашағы мен үшін маңызды. Әр адам өз туған жеріне қолдау білдіруі тиіс. Біз де ауыл кәсіпкерлері ауылдың  осы жолы ауылымыздың көркеюіне өз үлесімізді қосу мақсатында ағаш ектік», - дейді «Диас» ШҚ басшысы Азамат Исламбеков.

Ауылдық округ әкімі С.Бәйтенова: «Көктем басталғалы округ бойынша түрлі тазалық жұмыстарымен қатар, «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында әр аула, мектеп маңына ағаш, гүл отырғызылуда. Бүгін ауыл кәсіпкерлері бірлесіп, орталық алаңда көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Сондықтан түрлі шараларда қолдау білдіретін ауыл кәсіпкерлері, атап айтқанда, «Диас» ШҚ басшысы А.Исламбеков, «Жунусов» ШҚ басшысы Б.Жунусовке, «Айтмұхамбет» ШҚ басшысы А.Ақнуров, «Нукатов» ШҚ басшысы Т.Нукатов, «Айдын» ШҚ басшысы К.Утенова, «Альтаир» ШҚ басшысы Ә.Имакаевқа игілікті бастамаларға үн қоса білгендері үшін алғыс білдіремін», - дей келе, округ басшысы ауыл көлемінде көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жалғасатынын хабарлады.

Кәсіпкерлер бастаған бастаманы ауыл тұрғындары қолдап жасыл желекке күтіммен қараса, бірер жылда жемісін де көріп қалармыз.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале