13.05.2025, 18:00
Оқылды: 349

Ауыл мәселелері әрқашан өзекті

Шыңғырлау ауданы бойынша аудан әкімі мен оның орынбасарлары, түрлі сала бойынша мекеме басшыларының қатысумен ауылдық округтер және елді-мекендер тұрғындарымен кездесу жиындары басталды.

Изображение WhatsApp 2025-05-12 в 17.07.39_9c6ad618

Жиындарда округ әкімдерінің атқарылған жұмыстары туралы есебі мен бұған дейінгі халықпен жүздесу жиындарындағы көтерілген мәселелердің орындалуы ортаға салынуда. Еркін форматта өтіп жатырған жиындарда тұрғындарды толғандырып жүрген қоғамдық, әлеуметтік және кәсіпкерлік бағытындағы сауалдары мен өтініштері тыңдалып, тиісті мекемелер тарапынан қолма-қол жауаптар берілуде. Сонымен қатар, бұл жиындар кейбір ортақ мәселелерді халықпен ақылдаса отырып шешуді де жүзеге асыруда.

Қаршыға Елемесов,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале