3.09.2021, 10:40
Оқылды: 158

Ауыл меценаттарының көмегі көп

Бәйтерек ауданына қарасты Зеленый ауылындағы орта мектеп оқушылары ауыл кәсіпкерлерінің қолдауын сезінуде. Биылдан бастап жыл бойына жалғасатын «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Киргенев» шаруа қожалығының басшысы, меценат Қ.Есенгелдіұлы білім ордасында оқитын балаларға мектеп формасын алып берді.

666

Сондай-ақ «Давлетова» шаруа қожалығының жетекшісі Г.Давлетова бір оқшыны түгелдей оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. Былтыр күрделі жөндеуден өткен мектептің бірінші қабатындағы терезе перделері де жаңартуды қажет еткен-ді. Оны байқаған «Сүндетқалиев», «Хайруллин», Жайлау» шаруа қожалықтарының басшылары А.Сүндетқалиев, Н.Хайруллин, М.Абдрешев сияқты атымтай жомарт азаматтар білім ұясының бірінші қабатындағы терезелерді түгелдей перделеуге қаражат шығарды.

Бұдан Бөлек «Васелиса» жеке кәсіпкерліктерінің иесі С.Ускова да ауыл балаларына қамқорлық көрсетіп, бірнеше оқушыны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

 

Мерхат Есенғалиев,

Зеленый мектебінің директоры

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале