10.01.2020, 10:58
Оқылды: 47

Ауыл шаруашық мәселелері талқыланды

Шыңғырлау ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылаған жиын өтті.

serpin (3)

Аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев жүргізген жиынға «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ БҚО филиалының төрағасы Серік Жарылғасов, «Кублей» ЖШС-ның ет өндеу кешенінің мал сатып алу бөлімінің басшысы Бақытбек Айтбаев және мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық басшылары қатысты.

Жиналыс барысында ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтер мен өзгерістер, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар, «Кублей» ЖШС-ның мал сатыл алу жөнінде және салық мәселесіне қатысты заңнамадағы соңғы өзгерістері баяндалды. Шаруа қожалық басшылары тарапынан жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтар мен құжат рәсімдеуге қатысты сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды.

serpin (2)

Ауыл шаруашылық саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Ақшат ауылдық округіндегі шаруа қожалық басшылары Ж.Байқатов, Н.Мезинов, И.Пасилько РҚБ «Қазақстан фермерлер одағының» Президент-төрағасы атынан Құрмет грамоталармен марапатталды.

«Қазақстан фермерлер одағы» Шыңғырлау ауданы бойынша филиалының өкілі болып «Өнім» шаруа қожалығының басшысы Жолдас Байқатов сайланды.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале