12.11.2022, 13:59
Оқылды: 87

Ауыл шаруашылық күні аталып өтті

Бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы орталық алаңда ауыл шаруашылық күні аталып өтті. Жәрмеңке ұйымдастырылып, алғысхаттар табысталды.

IMG-20221112-WA0022

Мерекелік концерт қойылып, спорттық жарыстар өткізілді.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Ұзынкөл, Қамысты, Тау, Жақсыбай, Жәнібек, Борсы, Ақоба ауылдық округтерінен қой, сиыр еті және сүт өнімдері, Күйгенкөлден қой еті, бал, сүт өнімдері, Талов ауылдық округінен жылқы еті әкелініп, аудан жұртшылығына сатылды. Жеміс-жидектер, көкөністер, жем және кәуап пісіріліп, ұсынылды.

IMG-20221112-WA0017
Сонымен қатар аудан әкімі Азамат Сафималиев барша аудан халқын ауыл шаруашылық мерекесімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген бір топ қызметкерлерді алғысхаттармен марапаттады.

IMG-20221112-WA0025
Атап өтер болсақ, Рахметолла Құдабаев пен Шынболат Кенжин ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ие болды. Бейбіт Даумов «Үздік егін шаруашылығы», Мирхат Кенжеғалиев «Үздік мал шаруашылығы», Ұмсындық Темірғалиева «Үздік қой шаруашылығы», Балзия Бахтиярова «Үздік жылқы шаруашылығы», Әділ Сатыбалдиев «Үздік механизатор», Роллан Нарынов «Үздік мал дәрігері», Тілекжан Өтешов «Үздік бақташы», Асқар Бисенов «Үздік шопан», Андрей Присташ «Жас фермер», Данияр Ғайсин «Ауыл шаруашылығының үздігі» аталымдарымен марапатталды.

IMG-20221112-WA0019

Сондай-ақ, аудан әкімінің алғысхатын Марал Құзайырұлы, Андрей Николайұлы, Біржан Әбілхайырұлы, Қанат Керейұлы иеленді.
Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен, спорттық ойындармен жалғасты.

Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале