20.11.2020, 23:15
Оқылды: 68

 Ауыл шаруашылық саласының үздіктері марапатталды

    Елімізде қараша айының үшінші жексенбісі ауыл шаруашылық саласы қызметкерлерінің төл мерекесі деп белгіленгенін білеміз. 9D3F2D0B-8FC5-4E53-B9F1-CD17C933D869Бүгін осы айтулы күнге орай Шыңғырлау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында  аталмыш мереке салтанатты түрде аталып өтілді. Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтау сөз сөйлеп, осы салада қызмет еткен мекеме басшыларын, қызметкерлер және малшы-шопан, көлік жүргізушілері мен шаруа қожалық, серіктестік жетекшілерін құттықтап, марапаттады.

 Сонымен қатар ауданымыз бойынша ең үздіктер алға шығып, аталым иелеріне үлкен қошемет көрсетілді. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев сөз алып, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосқан, қажымай - талмай еңбек етіп жүрген баршаға алғысын білдірді.

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале