3.03.2023, 18:00
Оқылды: 32

Ауыл тұрғындарымен кездесті

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаевтың 2023 жылдың бірінші тоқсанына арналған жергілікті тұрғындармен кездесуі өтті. Оған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Абдолов қатысты.

d5ea6f93-b911-401f-9e59-d6985d05e48b

Күн тәртібінде «Жәнібек ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және сұрыптауға арналған тарифтер туралы» және «Жәнібек ауылының тұрғындарымен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысушы тұлға арасындағы жария шарттың жобасын бекіту туралы», сонымен қатар ағымдағы мәселелер қаралды.

7b3e917e-aa60-490f-ab13-4ac0955e4d81

Күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде ауылдық округ әкімі Абзал Бақытұлы айтып өтті.

Сондай-ақ сұрақ-жауап арқылы өрбіген кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға ауыл әкімі мен аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Каримоллаұлы егжей-тегжейлі жауап берді.

 

Сейіт Қали,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале