12.05.2022, 11:59
Оқылды: 58

Ауылдағылардың да айтары бар

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы, соның ішінде аудан әкімі тоқсан сайын халықпен көшпелі кездесулер өткізіп, аймақтың проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіріп беру белгіленген болатын. Жаңақала ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесуі алдымен Мәстексай ауылдық округінде өтті.

A47F28AA-A8F8-4D09-8209-18729DEFFA89

Кездесуге аудан басшысы Д.Әмірханұлы, аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов, аудандық ІІБ басшысының орынбасары Ержан Макишев, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Есен Бекбулатов, аудандық электр торабының бастығы Бауыржан Биғалиев, аудандық аурухана директорының орынбасары Дәурен Көкенов, «КазСуШар» аудандық филиалының басшысы Ербол Төлеуғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Серік Жәрдемалиев, аудандық мәслихат депутаты Едіге Текебаев қатысты.

Жиынды алдымен ауыл әкімі Ержан Тілепбергенов ашып жүргізіп, сөз кезегін аудан әкімі Д.Закаринге берді. Ол атқарылған жұмыстарға жалпылама тоқталып, өзекті мәселелерді тыңдауға тұрғындарға кезек беріп, сұрақ-жауап форматына көшті. Біржан Айғалиев ауылдың орталық сайына су керектігін, ауылдың жарық бағаналарын ауыстыру қажеттігін, Амангелді Орнақаев Қарлығаш, Сұңқар елді мекендерінің жарық бағаналарын ауыстыруын, 11-сынып бітірген баласына грантқа түсуге көмектесуін сұрады. Жеңіс Әбдірахманов ауылға су қажеттігін, «Қожалықтарға су бара ма?» деген сұрағын жолдады. Қоблан Мұхамбетов терек өсіруге сайға және көлге су керектігін, аудандық аурухананың директорының орынбасары Д.Асылбекұлынан скрининг туралы түсінік беруін сұрап, ауылдық амбулатория салуға мүмкіндік жасауын, сондай-ақ әртүрлі жылғы адамдарды кезекпен бөліп-бөліп қарау туралы, 6 айдың ішінде жұмыстар толық атқарылмай, көңілі толмайтындығын, жарық өшкен кезде ауылдағы жауапты маманның жоқтығын, жедел-жәрдем шақырғанда келмейтіндігін тілге тиек етті. Бейбіт Күмісқалиев физиотерапияға арналған аппараттың ауылға керектігін айтты. Өз кезегінде ауыл тұрғындарының қойған сұрақтарына сала мамандары жеке-жеке тоқталып жауап берді. Кездесуге ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер жинақталып, іс-шара жасалып, орындалуына жұмыстанатынын және орындалу барысы жөнінде тұрғындарға хабарланып отыратындығын ескертті. Жиынды аудан әкімі қорытындылап, ауыл тұрғындарын мәселелері бойынша жеке қабылдады. Қабылдауда Зариға Сәркенова, Дариға Есенаман, Аққанша Алдонғарова, Гүлжамал Қойшыбекова тұрақты жұмыс қажеттігін айттып, аудан басшынан көмек сұрады.

Тұрғындар үнін тыңдады

Аудан әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі С.Меңдешев ауылдық округінде жалғасын тапты. Бұл округке аудан басшысы Дархан Закарин, аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бижан Төремұратов, аудандық электр торабының бастығы Бауыржан Биғалиев, аудандық аурухананың директоры Ербол Сәрсенғалиев, аудандық мәслихат депутаты Айымгүл Мүбаракова қатысты.

5BA12A46-7966-4F21-B048-578C6DA658FC

- Жылдың басында келіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап біліп кеткен болатынбыз. Тоқсан сайын емес, кез келген уақытта тұрғындармен кездесуге дайынбыз. Өткен соңғы есепті кездесуде ауыл тұрғындарының түрлі мәселелері жолданған болатын. Соның ішінде ауылдың техникалық суын қалыпқа келтіру, қоғамдық жұмысқа жастарды тарту, дәрігердің жеткіліксіздігі, жас кәсіпкерлерге жағдай жасау, ауылда мобильді байланысты дұрыстау, көлтабандарға су шығару, полицияның тұрақтандыруға, Балғын елді мекеніне елді мекен статусын қайтару туралы мәселелер айтылды. Кездескенімізге екі айдан астам уақыт өтті. Бұл жұмыстар қазір өзінің деңгейінде жүргізіліп жатыр. Ауданның көлемінде істелетін жұмыстарды өзіміздің жоспарымыз бойынша қаржының мүмкіншілігіне, жеткеніне қарап жүргізіп жатырмыз. Жоғары жақтан шешімі табылатын мәселелерді ұсыныс-пікір ретінде жолдап отырмыз. Алдағы мамыр айының 21 жұлдызында аудан орталығында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің есепті кездесуі өтеді. Бұл туралы толығырақ мәлімет әлі де айтылатын болады, - деді аудан әкімі Д.Әмірханұлы. Одан әрі уақыт жоғалтпай, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Өз кезегінде ауыл тұрғыны Маржан Ермекова «Беспай каналына су келе ме?» деген сұрағын қойып, ауылға жалпы су керектігін, ауылдың жайылымында басқа жерден келген екі жүздің шамасында жылқы жатқандығын, оларға тиісті шара қолдануын, тұрақты электрик керектігін, аудандық газеттің уақытылы үйіне келмейтінін, сол себепті газет таситын маманның керектігін айтты. Алпамыс Каменов су мәселесімен қоса, айтылған өзекті мәселелердің жоспарының ішінде орындалатыны және орындалмайтынының тізімін сұрады. Айымгүл Жасұланқызы Балғын елді мекеніне қатысты заң аясындағы жұмыстарды біліп беруін, жедел жәрдем көлігі қажеттігін, компьютер жабдықтарының тапшылығы, жол мәселесі, тұрақты ауылдық учаскелік полиция керектігін, жолға қиыршық тас төсеп беру туралы ұсынысын білдірді. Тұрарбек Кенжеғалиев Ақбұлақ суының Құлшыққа қашан қосылатынын сұрады. Осы орайда аудан басшысымен қатар жауапты сала мамандары заң аясында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жеке-жеке жауап беріп отырды.

Сонымен қатар есепті кездесуден соң аудан әкімі Дархан Әмірханұлы жеке сауалдары бар тұрғындар жиын соңында сұрақтарына байланысты мамандарға жолыға алатындығын айтты. Жеке қабылдауға Алпамыс Каменов, Гүлмира Қуатова, Азамат Бақытжанов, Әлібек Сүлейменов өзекті мәселелерін айтып, жекелеген сұрақтарын қойды.

Жаннұр Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале