21.12.2023, 14:45
Оқылды: 16

Ауылдық клуб қайта жаңғырды

Соңғы жылдардағы мәдениет саласына деген жан-жақты қамқорлықтың негізінде бірқатар мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, ұлт игілігіне қызмет етіп тұр.

image-21-12-23-11-22-1

 Соның бір жарқын көрінісі, Казталов ауданы Жас ауылындағы жарты ғасыр бұрын салынған ауылдық клуб. Жуырда қайта жаңғыртылды. Клубтың негізі 1965 жылы қаланды. Жалпы ауданы 230 шаршы метр, 90 орындық көрермен залы бар. Клуб мемлекеттік, кәсіби және басқа да мерекелер өткізу бойынша мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады. Сондай-ақ оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында вокал және домбыра үйірмесі де жұмыс жасайды. Жақында ғана Жас ауылдық клубтың алдына сыртқы дәліз салынды. Ауылдық клубтың сыртқы дәлізінің құрылыс жұмысына 1 300 627 мың теңге қаражат жұмсалды. Айта кету керек, мердігерлер А. Хамитов, «Жетпіс», «Данагүл» жеке кәсіпкерлігі жөндеу жүргізді.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале