24.12.2021, 13:00
Оқылды: 45

«Ауылдықтар» «Сырым елін» қолдайды!

2022 жылдың бірінші жартыжылдығына мерзімді баспа беттеріне жазылу науқаны да аяқталуға таяу. Қазіргі таңда мыңдаған оқырман «Сырым елі» газетіне жазылып, өздері мен жанұясы үшін тамаша сый жасады. Олар енді жеті сайын аудан апталығымен қауышпақ. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетіне қолдау білдіріп, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай партияның 30 мүшесін аудандық газетке жаздырды.

34

– Елдегі саясатты насихаттауда, халықтың әлеуметтік көңіл күйін білуде газеттен асқан жәрдемші жоқ. Аудандық басылымды қолдаймыз, – дейді партияның облыстық филиалы төрағасы Мынатаубиік Әнесов мырза. «Ауыл» ХДПП саяси бюросының мүшесі, белгілі кәсіпкер Құсайын Бахтияров та газет таралымын көбейтуге жеке көмек көрсетті.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале