19.11.2021, 14:30
Оқылды: 259

Ауылдың көркеюі – елдің дамуы

Биыл Тереңкөл ауылдық округінде қуанышты жағдай. Екі бірдей елді мекеннің кірме жолдарына қатқыл табанды жол төселіп, күре жолға қосылды. Атап айтар болсақ, Беспішен ауылына дейінгі жəне округ орталығы Нұрсай ауылының кіреберіс бір шақырым, ауыл ішіндегі Бейбітшілік көшесінің 400 метрі күрделі жөндеуден өтті.

IMG-20211119-WA0028

Мен өзім Бейбітшілік көшесінің тұрғынымын. Ризашылығымыз шексіз.  Бұл жұмыстар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тереңкөлдіктер үшін үлкен сый болғаны сөзсіз. Ауылдың көркеюі – елдің дамуы деп білеміз. Осы жұмыстардың іске асуына күш салып, өлшеусіз еңбек атқарған ауданның атқамінер азаматтарына ауылдастар атынан зор алғыс білдіремін! Ауданымыз көркейіп, дами берсін!

IMG-20211119-WA0032

Бақтығали Закуов,

зейнеткер,

Нұрсай ауылының тұрғыны

--

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале