22.04.2024, 21:00
Оқылды: 54

Ауылға ауыз су берілді 

Жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі Қазталов ауданында жыл өткен сайын оңынан шешімін тауып келеді. Халықты қажетті мөлшердегі және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету ауданда бірінші кезектегі мәселердің бірі болып саналады.

IMG20240422182136

Осы орайда ауданның атқамінер азаматтары аттан түспей еңбек етіп, аудандағы кіші елді мекендерге су тазалайтын қондырғылар қоюға жұмыстанып-ақ жатыр.

Ауыз су мәселесі оңтайлы шешілген Көктерек ауылдық округіне қарасты Оразғали елді мекенінде суды тазалап, тұщытатын кешенді блок-модулі орнатылды. Жобаға облыстық бюджет есебінен 20,1 млн. теңге қаражат бөлінді. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы игі жобаны «Абдухатов Е» жеке кәсіпкерлігі жүзеге асырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын сәтті аяқтап отыр.

Бүгін нысанның ашылу салтанаты өтіп, оразғайлық ағайынды Казталов ауданы әкімінің орынбасары Айдар Менеев құттықтады. Сонымен бірге Айдар Қазбекұлы құрылыс жұмыстарын атқарған «Абдухатов Е» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Ердос Абдухатовқа алғыс білдірді.

IMG20240422182603

Ауыл тұрғындары атынан сөз алған ауыл жанашыры Қолғанат Әдиетов: —Елімізде сапалы ауыз суға жарымай отырған елді-мекендер көп-ақ. Өзіміздің басымыздан өтті ғой. Күні кешеге дейін жердегі қазылған құдықтан су ішіп келдік. Тазартылған су мен құдықтың суының сапасын салыстыруға келмейді. Осында жұмыстардың жүзеге асуына елдегі азаматтардың еңбегі көп. Соның нәтижесінде шалғайдағы ауылдарға да су тартылып, халық сапалы ауыз судың игілігін көре бастады. Осы жұмыстарды атқарған барлық азаматтарға алғысым шексіз! - деген алғысын жолдады.

IMG20240422183703

Оразғали ауылында 21 аула 140 тұрғын бар болса, ендігі кезекте ауылдағы ағайын таза судың игілігін көрмек. Орнатылған кешенді блок-модуль жер асты суын бес сатыда тазартып, тұщытады. Тазартылған су дүкендегі судан кем емес.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале