26.05.2024, 18:00
Оқылды: 2

Ауылға ажар берген "Түлектер саябағы"

Әр ауылдық округте білім ордасынан түлеп ұшқан түлектер ауылға сағына келіп қауышуы, талай жылды артқа тастап, ұстаздармен кездесуі көз қуантады. Казталов ауданына қарасты Көктерек ауылындағы Көктерек орта жалпы орта мектебінің түлектері де  тарыдай болып аттап, таудай болып шыққан білім ордасына құрмет көрсетіп, туған ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуды дәстүрге айналдырған.

IMG-20240526-WA0021

Яғни, Көктерек ауылының 2004 жылы мектеп  бітірген 20 жылдық түлектер  туған ауылындарына жаңа “Түлектер саябағы” қақпасын орнатты.

IMG-20240526-WA0022

Ашылу салтанатында қатысқан  Казталов аудандық “Айбын” спорт клубының директоры  Асхат Талғатұлы және Көктерек ауылдық округінің әкімі Есенғалиев Бақытжан Сатқанұлы түлектерге ризашылықтарын білдіріп,  алғысхат табыстады.

Жасыл-желекпен көмкерілген түлектер саябағы ауылдың ажарын аша түскендей.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале