Карина Ибрагимова – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері
26 Наурыз 2023

Карина Ибрагимова – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Сенбілік басталды
25 Наурыз 2023

Сенбілік басталды

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды
24 Наурыз 2023

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр
24 Наурыз 2023

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр

29.04.2022, 17:15
Оқылды: 91
Ауылға ажар кіргізген ақжайықтықтар  

Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округіне қарасты «Ақжайық» шипажайы ауылы маңына 2400 түп тал-терек отырғызылды. Аталмыш игі шара басында Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев өзі жүрді. 

IMG-20220429-WA0064

Ауданымызға қарасты «Ақжайық» шипажайына алыс-жақыннан демалушылар көп келеді. Сол себепті шипажай маңы да әсем келбет алып, жан-жағы қонақтарға сая болатын тал-теректермен ажарлана түсуі тиіс. Осы бағытта 3,5 га жерге қараған, емен және сүмбіл теректер отырғызылды.  Тал егу жұмыстарына ауыл тұрғындарынан бөлек, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттері, Теректі колледжі ұжымы мен оқушылары, барлығы 200-ге жуық адам қатысты.

IMG-20220429-WA0062

- Ауданымызда «Менің аулам-менің бағым» жобасы ерекше қарқынмен жүзеге асуда. Теректіліктердің де тал егуге деген ықыласы білінеді. Ауданымыздың атауы да «Теректі» деп тұрғасын, осы әдемі атауға лайық болуымыз керек деп есептеймін. Бүгін «Ақжайық» шипажайы маңына жастар легі көп жиналды. Бұл көңіл қуантады. Осы шара еңбектің қадірін ұқтырып, туған жерге деген махаббатты оятады. Отырғызылған тал-теректерді күтіп-баптау аса маңызды. Сондықтан жергілікті тұрғындар да осындай игілікті іске үлес қосады деп сенемін,- деді аудан әкімі Тілек Александрұлы.

IMG-20220429-WA0060

Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале