7.02.2023, 17:00
Оқылды: 52

Ауылға су тарту жұмыстары қолға алынды

Сырым ауданының Қособа ауылдық округі әкімі Бейімбет Жаймановтың округ халқымен кездесу жиынына аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.
IMG_20230207_162646
Округте 2022 жылы су тасқынының алдын алу мақсатында 400 мың теңге көлеміндегі қаржыға бөгеттерді биіктету жұмыстарын жүргізу, Жырақұдық ауылынан балалар ойын алаңының қолданысқа берілуі секілді бірқатар жұмыс нәтижелі жасалған.
image-07-02-23-04-21-3
- Өткен жылдан «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобасы аясында бөлінген қаражат есебінен Қособа, Жырақұдық ауылдарына таза ауыз су тарту жұмыстары қолға алынған болатын. Одан бөлек, қыркүйек айында мобильді интернеттің 4G сапасына көшіп, байланыс  дұрысталса, Жырақұдық ауылындағы тозығы жеткен 33 баған ауыстырылды. ​ Мал шаруашылығы бойынша қазіргі уақытта мал қыстағы қалыпты өтіп жатыр. Өткен жылы мал басын асылдандыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға 20 шаруа қожалығы қатысып, 56 млн 409 мың субсидия төленді, тиісінше, «Мүтір» шаруа қожалығы 49 бас асыл тұқымды аналық мал алынып, «Сырым » ш/қ 40 бас асыл тұқымды аналық мал сатып алып мал басын түрлендіруге өз үлестерін қосты. «Досымхан» шаруа қожалығы 1 дана МТЗ 80, «Сырым» шаруа қожалығы 1 дана МТЗ 82 маркалы трактор алып ауылшаруашылығы техникаларын жаңартты,- дейді округ әкімі.
Қособалықтар үшін қуанышты жәйт та жоқ емес, былтыр Жырақұдық орта мектебіне бала санын толтыру мақсатында Орал қаласынан 1 отбасы көшіріліп алып келінген болса, алдағы уақытта көп балалы тағы бір отбасын ауылға көшіріп әкелу жоспарда тұр.
Халықпен кездесу жиынын аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы қорытындылап, бірқатар мекеме басшылары жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале