17.05.2026, 18:21
Оқылды: 14

«Ауылымыздың болашағына бей-жай қарай алмаймыз»

FB_IMG_1779016649183

- Бүгінгі 17 мамыр – бисендіктер үшін тарихи күн. Өйткені, ауылдастардың ерікті таңдауымен ауыл әкімі сайланады. Қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді әдістерінің бірі ол – ауыл әкімдерінің сайлауы. Сайлау арқылы әрбір тұрғын жергілікті басқарудың кері байланысын сезіне алады.
Ауыл әкімдерінің сайлауы өзін-өзі басқарудың нағыз басты механизмі деп айтуға болады.
Сайлауға қатысу азаматтардың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен қатар олардың шешім қабылдау процесіне тартуға және өмір сүретін аймақты басқару сапасына ортақ жауапкершілікті арттыруға өз пайдасын тигізіп,  ауылдық жерлердегі азаматтық-саяси өмірді жандандыруға, ауыл халқының саяси мәдениетін арттырудағы саяси плюрализм принциптерінің қадамы.  Сайлауға қатысу — өз еліңіздің болашағын айқындауға үлес қосатын әрі әрбір азаматтың конституциялық құқығы мен маңызды азаматтық борышы. Ауылдың болашағына жасалатын маңызды саяси науқанға мен де отбасыммен қатысып өз таңдауымызды жасадық, - дейді ауылдағы мәдениет үйінің директоры, қоғам белсендісі Екатерина Мөкешева.
Кейіпкеріміз бұл науқанға тек жұбайымен ғана келіп, дауыс берген жоқ. «Әр дауыс маңызды» деп округтегі барлық мәдениет қызметкерлерінің сайлауға барып, дауыс беруге жұмылдырған жайы бар.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале