26.02.2021, 9:51
Оқылды: 207

Ауыспалы кубок – «Жаңақала-несиеде»

Жуырда "AGROKREDIT" аграрлық несие корпорациясының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік несие серіктестігі» аталымы бойынша «Жаңақала-несие» ЖШС жеңімпаз атанды. Ақжолтай хабарды естігеннен кейін аталмыш серіктестік орналасқан ғимаратқа барып, басшысымен және ұжым мүшелерімен кездестік.

кред

- Бұл – ұжымның еңбегі. Үздік нәтижеге осымен үшінші мәрте қол жеткізіп отырмыз. 2014-2015 жылдары қатарынан үздік шықтық. Ең бірінші кубок бізде қалды. Одан кейін ауыспалы кубок жасалды. Жеңімпаз атанған серіктестіктің аты жазылады және жыл бойы сонда тұрады.

Біздің серіктестік 2005 жылы 21 шаруа қожалығының күшімен құрылған. Жарғылық капиталы 16 миллион 308 мың теңге қаражатты құраған.

2006-2012 жылдары, яғни 6 жыл ішінде 129 млн. теңге несие берілсе, 2013-2016 жылдары аралығында 790 млн. 143 мың теңге мөлшерінде несие берілді. Қазіргі таңда яғни 2020 жылдың 30 желтоксанына «Жаңақала-несие» кредиттік серіктестігінің құрамында 180 шаруа қожалығы және 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркеліп, жарғылық капиталы 151 миллион 900 мын тенге, несие желісі 3 миллиард 341 миллион 800 мын теңгеге жетіп отыр. Осыған дейін әр жерде  ғимаратты жалға алып жұмыс жасап келсек, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап 13 миллион 200 мың теңгеге, серіктестік қаржысына аудан орталығынан ғимарат сатып алдық, - дейді «Жаңақала-несие» ЖШС-нің басшысы Тимур Бигалиев.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале