9.12.2021, 10:40
Оқылды: 60

Ауыспалы кубок

"Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалы ұйымдастырған волейбол додасына бастауыш партия ұйымдары мен партия белсенділерінен құралған 12 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

волейбол (1)

Ауданда ел Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай түрлі деңгейде спорттық шаралар өткізілуде, Бүгінгі партия мүшелері арасында ұйымдастырылып отырған шағын волейбол турнирі – соның бір айғағы.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов, аудандық мәслихат хатшысы Жанар Бисенғалиева, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Люция Жұбанышқалиева қатысты. Алдымен құттықтау сөз алған аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы барша қатысушыларды келе жатқан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, турнирдің қатысушыларына сәттілік тіледі. Одан кейін сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Люция Әсетқызы осы турнирді ұйымдастыруға қолдау білдірген партия ардагері Әлібек Сәрсенбаев, аудандық мәслихат депутаттары Дәурен Нұрмағамбетов, Сарытау Аманбаев, Нұр Ғаббасов, партия белсенділері Асқар Ликеров, Нұрлан Аюпов, Теміржан Сисенғалиев, Марат Хайрамбаев сынды азаматтарға алғысын білдірді. Әр кездесу талас-тартысқа толы болды. Командалар өзара мықтыны әрең анықтады. Әдемі ойын өрнегін көрсеткен «Білім» бастауыш партиясы командасы жарыс жеңімпазы атанды. Ал «Камен» бастауыш партиясы командасы екінші орынды иеленсе, «Қосшы» бастауыш партиясы командасы үздік үштікті қорытындылады.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар турнирде көзге түскен үздік ойыншыларды номинация бойынша марапаттады. Атап айтсақ, Алтынбек Жасқайратов «Үздік байланыстырушы», Ермахан Меңдіхан «Үздік қорғаушы», Сергей Образков «Үздік шабуылшы» номинациясын иеленсе, турнирдің ең үздік ойыншысы болып Райымбек Жасанғалиев танылды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушар атынан арнайы диплом, кубок, медальдармен марапатталды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале