5.12.2022, 11:48
Оқылды: 41

Азия чемпионатынан қола жүлде

3 желтоқсан күні сағат түнгі 00.00-де сонау Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласынан ақжолтай хабар жетті. Жерлесіміз, Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы, Азия чемпионы Айдын Елемесов Дубай қаласында пауэрлифтингтен өткен Азия чемпионатында жеңіске жетіп, қола жүлдегері атанды. 

3

Баршаңызға белгілі, Айдын Елемесов 2021 жылы Түркияның Стамбул қаласында өткен додада чемпион атанды. Енді міне, Айдын ағамыз кезекті бәсекеде екінші мәрте мықтылығын, өз ісінің хас шебер екенін танытты. Ел намысын абыройлы қорғаған жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале