29.07.2022, 16:30
Оқылды: 106

Азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді

Қазіргі таңда ең өзекті мәселеге айналып отырған тақырыптың бірі – қымбатшылық. Әсіресе азық-түлік бағасының күннен күнге шарықтауы қарапайым ауыл тұрғындары үшін оңай соқпай тұрғаны жасырын емес.

 Баға мониторинг (5)

Азық-түлік бағасын шектен тыс қымбаттатпау жөнінде мәселе айтылып та, жазылып та жүр. Осы ретте Қаратөбе ауданы орталығындағы бірқатар азық-түлік тауарына бағаны негізсіз өсірмеуді түсіндіру мақсатында арнайы мониторинг жүргізілді. Мониторингтік топтың құрамында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Абат Зейнуллин, аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің мамандары Ержан Бақтығалиев, Ринат Серіков және ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Әлібек Қанафин бар.

мониторинг (7)

Мониторингтік топ мүшелері аудандағы 5 ірі кәсіпкерлік нысандарды аралап, баға тұрақтылығына назар аударды. Бүгінде республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізіміне кіретін 19 тауардың 8-і 30 пайызға дейін қымбаттап отыр. Бағасы қатты өскен тауарлардың қатарында импортқа тәуелді қант пен қарақұмық бар. Кәсіп иелерінің айтуынша облыс орталығының өзінде де баға мәз емес. Дүкен иелері әр әкелген азық-түлік өнімдеріне 15-20 пайыздан баға  қосып отырғандығын айтады.

Сонымен мониторингтік топ аралаған кәсіпкерлік нысандардағы баға мынадай: «MG» супермаркетінде нанның бір бөлкесі - 210, күріш - 395, қарақұмық - 695, шағу майы - 795, айран - 425, қант - 566, картоп - 195, пияз -345, сәбіз - 285 теңгеден, «Гүлрайхан» дүкенінде нанның бір бөлкесі - 220, күріш - 380, қарақұмық - 700, шағу майы - 730, қант - 570, картоп - 185, пияз -335, сәбіз - 350 теңгеден.

 «Әлем» дүкенінде күріш - 330, қарақұмық - 620, шағу майы - 850, қант -650, картоп - 210, пияз - 340, сәбіз - 300 теңгеден, «Зере» дүкенінде нанның бір бөлкесі - 190, күріш - 400, қарақұмық - 700, шағу майы - 750, қант - 700, картоп - 220, пияз-350, сәбіз - 350 теңгеден, ал «Снежанна» дүкенінде 1 бөлке нанның бағасы - 90 теңге, шағу майы - 800, қант - 800, картоп - 220, пияз - 350, сәбіз - 320 теңгеден саудалануда. Мониторингтік топ мүшелері дүкен иелеріне бағаны негізсіз көтермеу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Аудан тұрғындары да бағаның күннен күнге өсіп, шарықтауына наразы. Олар тиісті орындар тарапынан бағаны тұрақты ұстап тұру жөнінде нақты жұмыстар жүргізілсе деген ниетте.

Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале