31.05.2021, 14:45
Оқылды: 66

Бабалар рухына мың тағзым

Бәйтерек ауданы орталығындағы «Жеңіс» саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Бабалар рухына мың тағзым» атты қаралы митинг өтті. 125 мыңдай азаматымызды репрессияға ұшыратып, миллиондаған отандасымызды елден көшуге мәжбүр еткен зұлмат жылдарда 25 мыңға жуық адам ату жазасына кесіліпті. Олардың 1330-ы - өңіріміздің азаматтары.

6E758153-9F42-45D5-83D1-99A204B0FBF1

Ел тарихында өшпес із қалдырған ақтаңдақ жылдардың қасіретін ұмытпас үшін Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылдың 5 сәуіріндегі Жарлығымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Осы бір айтулы датаға орай өткізілген митингке аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, ауыл тұрғындары мен жастар қатысты.

29AAF753-C079-48E6-A1F1-DF1755AB60EE

-ХХ ғасырдағы қазақ халқының көрген қасіреті жадымызда мәңгі сақталады. Сталиннің солақай саясатының салдарынан жазықсыз жапа шеккен, атылған, атаусыз қалған саяси қуғын-сүргін құрбандары ел жадынан еш өшпейді.

Зорлық пен зомбылық көріп көз жұмған аталарымыз бен аналарымыздың ерен еңбегі мен ерлік күресі, қастерлі есімдері ұлықтала бермек,- деді жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Е.Бисақаев.

Сонымен қатар митинг барысында аудандық мәслихат хатшысы сөз алып, ата-баба көрген қасірет енді қайталанбасын деген тілегін жеткізсе, педагогика саласының ардагері Мария Кашапова ақтаңдақтардың орнын толтыру келер ұрпақтың басты парызы екенін атап өтті.

Шара соңында жиналғандар аруақтар рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Түгелбай Бисен

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале