1.11.2021, 17:43
Оқылды: 65

Байқауда бақ сынады

Би – сұлулық тұнған әлем, адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Өнерпаздардың өнерге деген сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше. Бүгінде Тасқала ауданында би өнері қарқынды дамып келеді. Мәдениет ошақтары жанындағы би үйірмелеріне екі жүзден астам өнерпаз қатысады.

19

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы би ұжымдары облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, шеберліктерін шыңдап, ауданымыздың абыройын асқақтатып жүр.

23 қазан күні Орал қаласында халықаралық «FoxStar» байқау- фестивалі өтті.

Аталған байқауда Мирамгүл Дюсингалиева жетекшілік ететін «Таңшолпан» би ансамблі 3-6 жас аралығындағы бүлдіршін топтар арасында жүлделі І орынды, үлгілі «Қиялдан» би ансамблі 10-16 жас аралығындағы топ арасында ІІІ орынды жеңіп алды. Топ жетекшісі ұйымдастыру алқасы атынан қажырлы еңбегі мен жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлігі үшін алғыс хатпен марапатталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале