10.12.2019, 13:28
Оқылды: 340

Байқаудан жүлдемен оралды

Теректілік өнерлі өрендер республикалық байқаудан олжалы оралды.

3 (2)

 «Мәңгілік ел алыптары» республикалық рухани-патриоттық байқауының«Аспапта орындаушылық өнері» аталымында домбырашы Зияда Хайруллина бас жүлдені иеленді. Домбыра шертуде шеберлігін көрсеткен Зиядаға алдағы жылдың мамырында Алматы қаласында өтетін «Жеті өнер» шығармашылық орталығының халықаралық байқауына жолдама берілді.

Өнер байқауында топжарған саз мектебінің шәкірттері – Арина Самиғолла, Аяулым Асқар, Елдар Елекеш, Айқын Әділ, Аружан Айтқалиева түрлі дәрежеде лауреат атанды. Оларды баулыған жетекші–Айдана Насыроваға «Үздік көшбасшы педагог» төсбелгісі табыс етілді.

Хакім Абай, ән кемеңгері Кенен Әзірбаев, әдебиеттің үш бәйтерегі – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, қылқалам шебері Әбілхан Қастеев, даңқты актриса Әмина Өмірзақова сияқты қазақтың алыптарын ұлықтаған байқаудан жүлдемен оралған жеткіншектерді мақтан тұтамыз.

Меруерт Абуева

жас тілші

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале