20.11.2022, 12:20
Оқылды: 23

Байқаушылар сайлауға оң көзқараста

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында байқаушылардың да рөлі артып отыр. Ресми дерекке сүйенсек, ауданымызда 2 партия мен 3 қоғамдық ұйымнан 107 байқаушы тіркелген. Олар қазіргі таңда 48 сайлау учаскесінде өз міндеттерін орындауда. Байқаушылармен сұхбат барысында сайлаудың әділ өтіп жатқанын білдік.

20221120061244_IMG_9675
- Бұл сайлаудың әдеттегі сайлаудан ерекшелігі халық Президентті 7 жылға бір мезгілде сайлайды. Сонымен қатар, сайлау бюллетеньдерінде «Бәріне қарсымын» деген тармақ бар. Ол өз кезегінде халықтың сенімін арттырып, құқығын қорғап, еркін таңдау жасауына серпін береді. Ал сайлау әділ өтуде. Ешқандай заңбұзушылықтар анықталмады, - деді №220 сайлау учаскесінің партиялық байқаушысы Күнсұлу Шаканаева.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале