2.10.2020, 15:11
Оқылды: 84

Бәйтерек арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры «Adal komek» эфиріне шықты

«Adal komek» жобасы аясындағы тікелей эфирге шықан БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Бәйтерек арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Альберт Талпахов орталық жұмысы туралы баяндама жасады.

 Адал көмек

- Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетеді. Қазіргі таңда мекемеде 16 қызмет алушы бар. Олардың 8-і ер, 8-і әйел адам. Сондай-ақ мекемеде І, ІІ топ мүгедегі мен тыл еңбеккерлері де қызмет алуда, - дейді өз сөзінде А.Талпахов.

Негізінен бұл мекемеде қызмет алушыларға оңалту, ем процедуралары жүргізіліп, стандартқа сай тұрмыстық қызметтер көрсетіледі екен.

Сонымен қатар апта сайын орталық мамандары аудандық аурухана психологі қамқорлаушылармен бірлесе дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден арылу, ішкі тәртіп ережесі сақтау және тағы да басқа бағыттар бойынша жеке топтық трейнингтер өткізуді де әдетке айналдырған.

- Жыл басында аудандық ішкі саясат, жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп пысықталған іс-шаралар бекітілді. Мекемеде әлеуметтік, мәдени, спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Күні кеше Халықаралық қариялар күні мерекесіне орай аудан басшылығы мен мәдениет үйінің қызметкерлері қарияларымызға арнап, концерттік бағдарлама ұсынды. Қайырымдылық айлығы аясында түрлі акциялар қызықты шараларды өткізу жоспарланды, - дейді А.Талпахов.

 

Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале