5.07.2026, 8:05
Оқылды: 8

Бәйтерек ауданы: Белес пен Атамекенде әкім сайлауы басталды

Бәйтерек ауданына қарасты Белес және Атамекен ауылдық округтерінде ауыл әкімдерін сайлау науқаны басталды.

image-05-07-26-09-05-5

Таңғы сағат 07:00-де Мемлекеттік Гимнмен ашылған сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі жоғары. Екі округте де алғашқы дауыс берушілерге, жас сайлаушыларға және туған күн иелеріне арнайы естелік сыйлықтар табысталды.

Белес ауылдық округіндегі №170 сайлау учаскесінде 1094 сайлаушы тіркелген. Комиссия төрағасы Мырзабек Малаевтың мәліметінше, 4 жас өскін алғаш рет дауыс берсе, 31 тұрғын үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Мұнда алғашқылардың бірі болып дауыс берген Ақылжан Байдрахманов сайлауды әр азаматтың парызы деп санайтынын жеткізді.

Атамекен ауылдық округіндегі №165 учаскеде сайлаушылар тізіміне Атамекен және Гремячий ауылдарының 579 тұрғыны енгізілген. Гремячийде алғашқы болып зейнеткер Ұлмекен Садыкова дауыс беріп, жаңа әкім ауылдың дамуына серпін береді деген үмітін білдірді.

Қазіргі уақытта екі округте де дауыс беру процесі жалғасуда.

Салтанат Шоқан,
Айгүл Ибатова,
Бәйтерек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале