28.02.2024, 22:00
Оқылды: 22

Бәйтерек ауданы: Егіндібұлақ ауылының әкімі сайланбақ

Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына орай Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясында отырыс өтті.

IMG-20240228-WA0073

Жиында Егіндібұлақ сайлау округін құру және Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын 7 сәуірге тағайындау туралы комиссия шешімдері қабылданды. Әкім сайлауын тағайындау шешіміне сәйкес күнтізбелік жоспар бекітілді.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов атап өткендей, аталмыш ауылдық округ әкіміне кандидаттардан құжаттарды қабылдау 29 ақпанда басталып, 12 наурызда сағат 18.00-де аяқталады. Ал кандидаттарды тіркеу 17 наурызы күнгі сағат 18.00-де бітеді.

Тіркеу аяқталған бойда, яғни 17 наурыз сағат 18.00-ден кейін кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталады. Ол 6 сәуірге дейін созылмақшы.

Округ бойынша бір учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады.

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы 

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале