18.03.2024, 23:31
Оқылды: 5

Бәйтерек ауданы: Макаровта «Домбыра рarty» іс-шарасы өтті

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы аясында Макаров орта мектебінде «Домбыра рarty» іс-шарасы  ұйымдастырылды.

IMG-20240318-WA0090

Қазақтың қара домбырасының үні – күй өнері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуенді оқушыларымыздың бойына сіңіруді мақсат тұтты.

Кеш барысында алдымен оқушыларға домбыраның шығу тарихына байланысты бейнеролик көрсетілді. Қыркүйек айынан бастап оқушыларымыз Ардақ Халықова жетекшілік ететін домбыра үйірмесіне белсенділікпен әрі қызығушылықпен қатысып келеді. Жиналғандар бес ай бойы домыра үйірмесіне барған шәкірттер ұлттық аспапты жақсы меңгеріп қалғандарын көрді. Мәселен, 3-сынып оқушысы Нұрасыл Жақсығалидың орындауындағы «Би» және «Нәр ағашы» күйлері көпшілікті бейжай қалдырған жоқ.

Жас ұрпаққа ұлттық аспапты, ұлттық музыканы насихаттау бағытындағы іс-шаралар мектебімізде алдағы уақытта жалғасын табады.

Арайлым Нұрымова,

Макаров ЖОББМ-ның

тәрбие ісі меңгерушісі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале