24.06.2024, 10:18
Оқылды: 85

Бәйтерек ауданында өрт қаупі бар кезеңге дайындық қалай?

Орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді орындау мақсатында Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2024 жылдың өрт қауіпті кезеңінде тілсіз жаудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр.

IMG-20240623-WA0011

Биыл «Қазавиақұтқару» АҚ ұсынатын тікұшақ қызметтеріне жергілікті бюджеттен 80 млн. 821 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Бұл былтырмен салыстырғанда 12,8%-ға артық. Табиғи өрттер мен жанудың алдын алу және сөндіру үшін бүгінгі күні елді мекендерде 236 адамнан тұратын 23 ерікті өртке қарсы құрылым құрылды.

IMG-20240623-WA0009

Ерікті өртке қарсы құрылымдар жарағы 14 су тасығыш, 23 трактор, 19 басқа бейімделген техника, 322 аспалы өрт сөндіргіш, 28 мотопомпа және 74 басқа да бастапқы құралдармен қамтылған. Өртке қарсы ерікті құралымдардың дайындығын шыңдау мақсатында көршілес елді мекендермен бірлескен оқу-жаттығулар өткізіледі.

– Қазіргі таңда, аудан бойынша Үлкен Шаған және Егіндібұлақ ауылдарында 2 өрт сөндіру бекеттері ашылды. Бұл бекет өрт сөндірушілері 50 км радиуста орын алған барлық дала өрттеріне шығады. Сонымен қатар, «ҚР ауылдық өңірлерінде жергілікті атқарушы органдардың 2024-2025 жылдарға арналған өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру» жоспарына сәйкес биыл Рубежин ауылында өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда.

IMG_5934

Өрт қауіпті кезеңінде далалық өрттер мен жанулардың алдын алу бойынша жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізуде. Атқарылған жұмыстар жергілікті басылым «Ауыл тынысы» газетінде және аудан әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инстаграмм, фейзбук парақшаларында тұрақты жариялануда. Бұл бағытта жұмыс жүйелі жалғаса бермек, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Олжас Абдрахманов.

IMG-20240623-WA0010

Айта кету керек, ҚР Экология министрлігінің 2024 жылғы наурыздағы бұйрығына сәйкес, БҚО аумағындағы мемлекеттік орман қорында өрт қауіпті маусымы 8 сәуірден басталды. Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде аудандағы Январцев орман шаруашылығы аумағында орман жабыны жоқ жерде ауданы 7,7 га құраған 1 орман өрті тіркелді.

Гүлжаз Баделова

Бәйтерек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале