25.03.2024, 17:26
Оқылды: 11

Бәйтерек ауданы: Павлов ауылында Наурыз мейрамы алғаш рет тойланды

Махамбет ауылдық округіне қарасты Павлов ауылында Ұлыстың ұлы күні биыл бірінші рет кең көлемде тойлады. Оған ауыл азаматтары атсалысты.

IMG-20240325-WA0106

Жалпыхалықтық мерекеде сөз алған ауылдың ақсақалы Берікқали Түкішев пен ақжаулықты әжесі Саражан Исмұханбетова жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ тілектерін білдірді. Содан соң ауылға жәрдемдесіп жүрген, осынау іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтар алғыс хатпен марапаттады. Олардың арасында Еркін Насыров, Бақтияр Дүйсенбаев, Әсет Түкішев, Александр Шаврин, Ақат Аяпов, Қайырбек Нурилин, Талғат Ысмағұлов, Төлеген Дүзболатов, Тимур Дүсіпов бар.

IMG-20240325-WA0111

Мереке барысында бесікке салу, тұсау кесу рәсімдері көрсетілген соң, өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, халыққа ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар арқан тарту, теңге алу, тақия тастамақ, көтермек сынды ұлттық ойындар дәріптелді. Мерекелік дастарханнан дәт татқан ауыл тұрғындары мен қонақтары ұлттық құндылықтарға арналып жасақталған кітап көрмесімен де танысты.

IMG-20240325-WA0114

Айта кетейік, Махамбеттен солтүстікке қарай 20 шақырым қашықтықта орналасқан Павлов ауылында 60 үй, 194 тұрғын бар.

Аягүл Қарабасова,

Павлов ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Бәйтерек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале