2.01.2024, 9:00
Оқылды: 269

Бәйтерек ауданы: Садовыйда жаңа мектеп есігін айқара ашты

Жаңа жыл қарсаңында Макаров ауылдық округына қарасты Садовый ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Мұнда жаңа мектеп есігін айқара ашты. Ауыл тұрғындарының қуанышымен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов бөлісті.

IMG_20231228_005052_069

Жергілікті балалар бұған дейін қабырғасы 1967 жылы қаланған, ал мектеп ретінде 90-шы жылдары ашылған ғимаратта оқып келді. Ол 25 орындық бастауыш мектеп болатын. 5-сыныптан бастап округ орталығына не қалаға қатынап оқуға мәжбүр болған. Енді оның бәрі артта қалды. Заманауи негізде салынға 108 орындық жалпы орта білім беретін мектеп ауылға үлкен қуаншы, жаңа бір леп алып келгендей.

IMG_20231228_010028_677

- Облыс бойынша биыл барлық қаржыландыру көздерінен 27 мектептің құрылысы жоспарланған болатын. Соның 17-сі жыл соңына дейін ашылады. Бәйтерек ауданының өзінде келер жылдың басында ашылатын Өркен мектебін қосқанда 4 жаңа білім ұясы ғимараты бой көтерді. Бұл үлкен көрсеткіш деп ойлаймын. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 16200 орынға 18 мектептің құрылысы жоспарланған, оның жартысының құрылысы биыл басталып, 2024 жылы пайдалануға беріледі. Ал қалғанының қадасы келе жылы қағылып, 2025 жылы аяқталмақшы. Бұл істердің бәрі болашақ ұрпақтың, еліміздің игілігі үшін жасалуда. Келер жыл да жақсылыққа толы, берекесі мен мерекесі мол жыл болсын,-деген Бақытжан Хаберұлы ардагер ұстаз Нина Ланцевамен бірге жаңа мектептің лентасын қиды.

IMG_20231228_005951_330

IMG_20231228_010020_704

Жаңа білім ұясында екі ауысымда 83 оқушы білім алса, мектепалды тобында 12, мектеп жанындағы «Арай» шағын орталығында 17 бүлдіршін тәрбиеленеді. Бүгінгі дейін бастауыш мектепті аяқтап, Макаров ауылына күнделікті тасымалмен оқып жүрген 34 бала енді өз ауылында білім алуды жалғастырады. Мектепте әзірге 12 мұғалім, 3 тәрбиеші қызмет атқарады.

IMG_20231228_005556_589

Шағын жинақты жаңа мектеп ғимараты заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған.

IMG_20231228_010344_391

Яғни мұнда 14 оқу кабинеті, оның ішінде біріктірілген химия-биология, физика-математика, қазақ тілі - орыс тілі, шетел тілі, мультимедия, информатика кабинеттері, спортзал, екі шеберхана, оқу залы мен кітапхана, 70 орындық акт залы, 40 орындық асхана бар.

IMG_20231228_005401_860

IMG_20231228_005843_417

IMG_20231228_005734_959

IMG_20231228_005640_499

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале