27.11.2021, 11:34
Оқылды: 98

Бәйтерек ауданында ардагерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бәйтерек ауданы Шалғай ауылында ардагерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті.

9E90A59C-0DDD-41D0-B12F-555CF799DA30

Бұқаралық спортты дамытып, ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және волейбол ойынына деген қызығушылықты арттыру, аға буын спортшыларын үлгі ету мақсатында өткен турнирге ауданға қарасты округтерден келген бірнеше команда қатысты.

Шараның шымылдығын ашқан Шалғай ауылдық округінің әкімі Талғат Кантемиров, жиналған қауымды алда келе жатқан Тұңғыш Президент күні және ел егемендігі мерекесімен құттықтап, барша қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

BDDBE3F5-BBC2-4D79-990E-392F16D1F4EA
Сонымен қатар ашылу салтанатында сөз алған спорт ардагері Валентина Мищенко жарыста бақ сынаушыларға тілектес екенін жеткізіп, ауылдастарын спортпен шұғылдануға шақырды. Кейін командалар көрерменге қызықты ойын көрсетті.

Қорытындысында Переметныйлық ардегерлер топ жарса, олардан басқаға есе жібермеген Егіндібұлақ командасы екінші, Железновтықтар үшінші орынға жайғасты. Белсенді қатысқан жергілікті ойыншыларға мадақтау қағаздары табыс етілді.

A98C2837-28A4-45C6-BEE9-8CAC7473D583

Волейбол алаңында ширақтық танытып, командасын жеңіс тұғырына сүйреп, керемет ойын өрнегін көрсеткен Б.Мусалимов «Үздік ойыншы», С.Наконечный «Үздік шабуылшы», К.Иржанов «Үздік байланыстырушы» аталымдарына ие болды.

1BC97101-9794-4493-8D80-C4358D3A0DB6

- Турнир Тәуелсіздік тойын ұлықтауды және ардагер спортшылар достығын нығайтуды  көздеді. Қатысушылар өздерінің әлі бабында екенін тағы бір дәлелдеді. Алдағы уақытта турнир өз жалғасын табады, - дейді Шалғай ауылдық округінің әкімі Т. Кантемиров.

AD8E5B51-8BB2-4EC5-B563-F2D73B41A14C

A7D4DF02-B3C1-4462-BD40-9926A05169A5
C00701E4-89F6-4CC0-BFB9-2FB8675EB590
97641856-67F4-4544-BB0F-CB6E5D0FCDF4

39C71890-E694-4FFC-B9ED-03AD45AD0234
Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале