9.10.2022, 13:11
Оқылды: 48

Бәйтерек ауданында ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде

Бәйтерек ауданында Атамекен, Көшім, Махамбет, Щапов ауылдық округтері бойынша 11 сайлау учаскесінде сайлау науқаны жүруде. Аталмыш ауылдық округтер бойынша сайлаушылар тізіміне 6500 адам тіркелген. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бикет Нығметовтың сөзіне қарағанда, сағат 11.00-дегі жағдай бойынша 1177 адам келіп, сайлау бюллетеньдерін алған.

сайлау

Сайлау бірқалыпты өтіп жатыр, ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ.

Айта кетейік, әр ауылдық округ бойынша 3 үміткерден тіркелді. Олардың ішінде осыған дейін сол ауылдық округтердің әкімдері болған азаматтар да бар.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале