20.03.2024, 10:15
Оқылды: 16

Бәйтерек ауданында биыл үш жол-көлік оқиғасы тіркеліп, төрт адам қаза болған

Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық комиссиясының кезекті отырысында осынау мәселелермен күрес жөнінде сөз болды.

IMG-20240320-WA0026

Жиынды ашқан комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев аталмыш мәселелердің өзектілігіне тоқталды. Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Азамат Жұмағұловтың сөзіне қарағанда, аудан аумағынан өтіп жатқан 1 161 шақырым тас жолдарда биыл үш жол-көлік оқиғасы тіркеліп, төрт адам қаза болды, жеті адам дене жарақатын алды.

- Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі - көлік құралын басқару кезінде жүргізушілердің жол жүру ережелерінің қағидаларын бұзу. Бұл үшеуінде де солай. Көлік жүргізушінің қателігінен болды, - деді.

IMG-20240320-WA0028

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бағдат Халденов пен аудандық мансап орталығының басшысы Нұрсәуле Есенғалиева алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды табу өте қиын екенін атап өтті.

- БҚО әділет департаментінің таяуда, яғни 11 наурызда жолданған хатындағы тізіміне сәйкес алимент бойынша борышкерлер ауданда 289 адам. -Биыл жылдың басынан бастап алимент бойынша борышкерлер жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша мансап орталығына 10 адам жолықты. Наурыз айының 13-ші күніне 6 адам жұмыссыз ретінде тіркеуге алынды. Олардың екеуін жұмысқа алуға ұсынылды, қазір жұмыс берушілердің жауабы күтілуде, - деді Нұрсәуле Әуелбекқызы.

IMG-20240320-WA0027

Интернет алаяқтық бойынша баяндаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Жолдасқалиевтің сөзіне қарағанда, бұл бағытта Егіндібұлақ, Атамекен, Шалғай, Дариян, Переметное ауылдарындағы мектеп оқушыларына ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде, одан бөлек whatsapp, чаттарда интернет алаяқтықтың құрбаны болмау мақсатында арнайы посттар, видеолар тұрақты түрде жарияланып тұрады. Бүгінгі күнге ауыл тұрғындарына кеңінен интернет алаяқтықтың құрбаны болмау мақсатында ақпараттық баннерлер дайындалып шығарылуда.

Отырыс барысында комиссия төрағасымен күре жолдардың бойына жылдамдық өлшегіш құралдар мен жасанды кедергілерді орнату, ауылдарға алиментке қатысты бильбордтар мен лед экрандар қою, азаматтарға, соның ішінде аға буын өкілдері интернет алаяқтықтың құрбаны болмас үшін постерлер тарту бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале