3.07.2021, 20:36
Оқылды: 90

Бәйтерек ауданында домбыра композициясы ашылды

Дариян ауылында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай домбыра композициясы ашылды. Ауыл орталығындағы мәдениет үйінің алдына орнатылған сәнді мүсін тұрғындар көп жиналатын орынның көркін кіргізді. Дариян орталығындағы ерекше мүсінді аудан тұрғыны болған Ұлы Отан соғысының ардагері Хамит Қажығалиевтің ұрпақтары сыйлады.

20210703_203058

Барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталуымен оздырылған композицияның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, ауыл тұрғындары мен жастар қатысты.

IMG_4841

- Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы ғана емес, ол ата-бабамыздың бізге жеткен мұрасы. Қашан да домбыраны қадір тұтқан қазақ оны төріне іліп, жоғары бағалаған. Киелі аспаптың құрметіне Елбасының жарлығымен Ұлттық домбыра күні бекітілді. Қазақтың киіз үйі, қара домбырасы және айтыс өнері әлем елдерінің ең ежелгі мұралары ретінде «ЮНЕСКО» тізіміне енгенін де білеміз. Дариян ауылында ұлттық аспапқа құрмет көрсетіліп, мүсінін ашып жатқаны қуантады. Бұл іске бастамашы болған соғыс ардагері Хамит Исаұлының ұрпақтарына алғысымыз шексіз. Енді бұл әдемі композиция орнатылған жер ауыл тұрғындарының сүйікті орнына айналады деген сенімдеміз, - деді салтанатты жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев.

20210703_203041

Одан соң ауыл тұрғындары атынан композиция орнатқан азаматтарға ризашылығын білдірген ақсақал Асылбек қажы Сұлтанғалиев ұлттық аспапқа құрмет көрсету – ұлтқа құрмет көрсету екенін айтты. Сондай-ақ мүсін ауыл жастарының өнерге деген құлшынысын арттыра түсетініне сенім білдірді.

IMG_4863

IMG-20210703-WA0016

Шара соңында жиналғандар жергілікті өнерпаздардың концертін тамашалап, жаңа композиция жанында суретке түсті.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале